К 30-летию Независимости Казахстана | 28 сәуір 09:36

Ембіліктер 100 отбасыға қайырымдылық көмегін көрсетті

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айында игі істі жалғастырды.

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. ЕМГ Орталық басқару аппараты қызметкерлері «100 мейірімді іс» атты қайырымылық шарасын ұйымдастырды. Ұжым мүшелерінің жалақылары есебінен ерікті түрде жиналған 1 миллион 400 мың теңге қаражатқа Атырау қаласындағы көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Отбасылардың тізімі Атырау облыстық әкімдігінен алынды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АО Эмбамунайгаз (@ao_embamunaygas)