Ембімұнайгаз биыл Ембі аумағында 2 800 тал егеді. Ағымдағы жылдың сәуір айында Атырау облысы әкімдігі мен ЕМГ арасында қол қойылған меморандум аясында компания 2021-2024 жылдар аралығында Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің Талғайран ауылында 243,2 га алаңға жасыл желек отырғызады. Сонымен қатар, жасыл көшеттерді суаруға арналған инфрақұрылым жүргізілмек.