Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ардагерлердің үлесін ұйымдастыру үнемі қолға алынуда. Ал бірнеше жылдар бойы Ембіде еңбек еткен қызметкерлерді зейнеткерлік демалысқа ұжым болып шығарып салу дәстүрге айналған үрдіс болып табылады.
Жуырда «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы ұжымы саналы ғұмырын Ембі өндірісінің дамуына арнап, биыл зейнеткерлік жасқа толған 24 зейнеткерге құрмет көрсетті. Оларды құрметті демалысқа шығарып салу үшін арнайы салтанатты кеш ұйымдастырылып, ұжымдастар ақжарма тілектерін арнады.
Басқарманың бастығы Қайнар Қоданов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Мырзашев ұзақ жылдар еңбек еткен зейнеткерлерге «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын, «Ембімұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын және есімдері жазылып, арнайы дайындалған сый-сияпат табыстады.
Мұндай құрметке ие болған зейнеткерлер ұжымға ризашылықтарын білдіріп, бата берді.