К 30-летию Независимости Казахстана | 04 мая 16:31

Ембімұнайэнерго қызметкері әлемдік ультрамарафонда жүлделі орын алды

Жуырда Қонаев қаласында өткен "Tengri ultra" әлемдік жарысында әріптесіміз - "Ембімұнайэнерго" басқармасының 5-разрядты электр монтері Марат Оразалиев жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Ептілік пен шапшаңдық, төзімділік пен жігерлілік сарапқа түскен жарыста жүлделі І орынды испаниялық атлет иеленсе, ІІ орынды Алматы қаласынан қатысқан марафоншы еншіледі. Ультрамарафонға әлемнің түкпірінен 200-ден қатысушы өз таңдауы бойынша 7-150 шақырым аралығындағы қашықтықтарға жүгірді. Әріптесіміз 110 шақырым қашықтыққа 12 сағатта жетті.

Жарыстың бір талабы – жолдың бойындағы кедергілерді еңсеру. Ультрамарафон барысында биік каньондарға шығып, төмен түсу, желдің салдарынан көтерілген шаңға төтеп беру – басты мақсатымыз болды. Дегенмен, ең қиынға соққаны 40 градус ыстыққа шыдау еді. Ең бастысы, физикалық мықты дайындық және адам ағзасы толыққанды сай болуы керек, - дейді әлемдік ультрамарафонға қатысқан әріптесіміз.

Марат Оразалиев бұған дейін де көптеген экстремалдық жарыстарда бағын сынап келді. Биыл Түркия, Әзірбайжан және Қазақстанда (Астана қаласы) өтетін Ironman 70.3 триатлон жарыстарына қатысуды жоспарлап отыр.