ЕМГ компаниясының жыл сайынғы негізгі коммуникациялық алаң «Atyrau Oil&Gas» көрмесіне қатысуы отандық кәсіпорынның бай тарихындағы жақсы және маңызды дәстүрге айналды. Көрменің ашылуына «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов қатысты.
Көрмеге қатысушы «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері атап өткендей, бүгінде мұнай-газ компаниялары өкілдерінің саланың алдында тұрған жаһандық мәселелерді шешу үшін бас қосып, пікір алмасуы қазіргі уақытта аса маңызды.
«Atyrau Oil&Gas» Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі – Қазақстандағы мұнай-газ саласына қатысты маңызды оқиғалардың бірі. Биыл оған Австрия, Әзірбайжан, Германия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Түркия елдерінен 80-нен астам ірі мұнай-газ өндіруші және мұнай кәсіпшілігіне сервистік қызмет көрсететін компаниялар, сондай-ақ, мұнай-газ жабдықтарын жасаушылар қатысуда.