К 30-летию Независимости Казахстана | 29 тамыз 09:45

Ембімұнайгаз - Қазақстандағы үздік салық төлеушілердің бірі

Қазақстан экономикасына мониторинг жүргізетін Ranking.kz жобасы түрлі секторда жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардан бюджетке түсетін салық көлемін анықтап, тізімін жария етті. Салық кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес, мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізіміне 354 компания кірді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, аталған компаниялар бюджетке 13,5 трлн теңге салық аударымдарын жасады.

Ірі салық төлеушілер тізімін тау-кен өнеркәсібі бастайды. Аталған саладағы жарналар – былтырғы көрсеткіш бойынша 9,5 трлн теңге.

Үштікті өңдеу өнеркәсібі (1,5 трлн теңге) және сауда секторы (835,5 млрд теңге) түйіндейді.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ - ең ірі 10 салық төлеушінің қатарына енді. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың қорытындысы бойынша анықталды.

Елдегі ең ірі 10 салық төлеушінің 8-і шикі мұнай мен ілеспе газ өндірумен айналысады.

Компаниямыздың бұл жетістігі - үлкен ұжымның еңбегі. Құтты болсын, әріптестер!

Ембімұнайгаз баспасөз қызметі