Мемлекеттік мейрам – Республика күні қарсаңында Мақат ауданы Доссор кентінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қолдауымен «Доссор саябағы» салтанатты түрде ашылды.
Саябақтың ашылу салтанатына Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлбану Шарафетдинова және ембілік ардагерлер, басқарма ұжымы мен кент тұрғындары қатысты.
Доссор саябағы заман талабына сай салынған. Мұнда спорт ойын алаңдары салынып,жергілікті халықтың демалысына қажетті жағдай толықтай ескерілген. Саябақты аралап көрген доссорлықтар мемлекеттік мейрам қарсаңында осындай тамаша нысанды тарту еткен ембілік мұнайшыларға алғыстарын білдірді.
Айта кету керек, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жергілікті халықтың игілігіне тапсыратын нысандары жалғасады.