Зақымданған және мұнай өнімдерімен ластанған жерлерді қалпына келтіру — осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі.
Зақымданған жерлердің теріс әсерінен өз қалпын ішінара жоғалтқан жерлерді қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау үшін «Ембімұнайгаз» АҚ өзіне берілген аумақта тарихи мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын сәтті жүргізді.
2007-2022 жылдар аралығында 549,4 га жер қалпына келтірілді.
2023-2025 жылдар аралығында компания зақымданған 142,2 га (542,6 мың тонна) жерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2023 жылы 50,1 га (181,69 мың тонна) мұнаймен ластанған жер қалпына келтірілді.
Тазартуға дейінгі және кейінгі суреттерде тарихи мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру нәтижелері көрсетілген.