Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, геология және игеру жөніндегі орынбасары Ернұр Тасеменов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағыт Сматуллин бастаған топ тыл ардагерлері Шол Абдрахманова, Зоя Баркимбаева, Атбекен Басаров, Аманжол Кенжиев, Григорий Ревков, Хамит Губайдуллин, Махаш Рахметовтың шаңырақтарына барып, ізгі тілектерін арнады, кәсіпорын атынан сый-сияпат табыс етті.
Мерекеде сый-құрметке бөленген қариялар Компания қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, қызметтеріне абырой тілеп, ақ баталарын берді. Компанияға қарасты өндірістік басқармалар басшылары да аудандарда тұратын тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін арнауда.