«Ембі өндірісінде тұрақтылықты қалыптастыру үшін жаңа жобалар, тың идеяларды қабылдап, іске қосу алдымен осы кабинеттен бастау алады. Қазақ мұнайының бастауында тұрған Ембі өндірісін жан-жақты дамыту жолында өзіңізді кәсіби маман ретінде көрсете біледі деген сенімдемін», - деп атап өтті Компания басшысы Сәбит Арынов.
Марат Қайырбекұлы Елеусінов еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында 3-разрядты мұнай және газ өндіру операторы болып бастаған. Қызметтік жолында бірнеше лауазымды міндеттерді абыроймен атқара білді.
«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының №2 мұнай-газ өндіру цехының инженер технологы, өндірістік-техникалық бөлімінің ұңғымаларды ағымдағы жөндеу және жайғастыру тобының мұнай және газ өндіру инженері, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік-техникалық бөлімі мұнай, газ және суды өндіру және өңдеу тобының мұнай және газ өндіру жөніндегі жетекші инженері, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Орталық аппараты мониторинг және өндірісті жедел басқару департаментінің жетекші инженері, мониторинг және өндірісті жедел басқару департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ өндіру департаменті директорының орынбасары, мұнай-газ өндіру департаментінің директоры, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2021 жылдың шілде айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Бас технологы, 2023 жылдың 30 маусымынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.