Компанияның балансында 46 кен орны бар, оның ішінде игерілетіні – 32, барланатыны – 4, 10 кен орны консервацияда.
Компанияның бас директоры Есен Қайыржан Доссор, Мақат, Байшұнас және басқа да кен орындары Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал екенін атап өтті. Сондай-ақ мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания – «ҚазТрансОйлды» құрудың бастауында тұрғанын атап өтті.
«ЕмбіМұнайГаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова Ембіні мұнайшылар ұстасы деп атады.
Компания басшысы ескі кен орындарына қатысты сауалға жауап берді.
«Әр кен орнының даму кезеңі болады. Біз жобаланған көрсеткіштерге қол жеткізбей тұрып және мемлекет бекіткен мұнай коэфицентіне жетпей кен орындарынан бас тарта алмаймыз», – деді Есен Қайыржан.
Тасмағамбетованың айтуынша, компанияда әлеуметтік жауапкершілік бар. Сол себепті ескірген кен алаңдарына қатысты шешім қабылдау қиынға соғады.
«Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі бар. Біз кен орындарын жауып, қызметкерлер санын қысқарта алмаймыз. 4300 адам жұмыс істейді, олардың отбасылары бар. Сондықтан тиімділігі аз кен орындарына қатысты шешім қабылдау қиын», – дейді ол.