Сәйкесінше, бұл кен орны бойынша көлденең ұңғыманың өнімділік коэффициенті тік ұңғымаларға қарағанда 8 есе артық.
2020 жылы Гран кен орнында №78 көлденең ұңғыма бұрғыланды. Оның ерекшелігі – бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша бұрғыланған алғашқы ең ұзын көлденең ұңғыма (қабатты ашу ұзындығы 941 метр). Сонымен қатар, 2020 жылы Оңтүстік Батыс Қамысты кен орнында Н-1 ұңғымасы бұрғыланды. Ұңғыма жоғары тұтқыр мұнаймен сипатталатын Альб-1 тайыз қойнауқатына тереңдігі 230 метр бұрғыланды.
Алғашқы сәтті қазылған көлденең ұңғымалар қорытындысы біз таңдаған бағыттың тиімділігін көрсетті. Сондықтан, жыл сайын көлденең ұңғымалар санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Яғни, 2019 жылы 4 көлденең ұңғыма бұрғыланса, 2020 жылы – 9, ал 2021 жылы 14 көлденең ұңғыма бұрғылау жоспарлануда.