Символикалық статуэткалар 15 аталым бойынша жеңімпаздарға тарту етілді. Үздіктердің үздіктері еңбек нәтижелері мен өндірістік көрсеткіштердің тұрақты орындалуына қосқан жеке үлесі, кәсіби шеберлік деңгейі бойынша анықталды.
«Бұл шараның мақсаты – еңбек озаттарын марапаттау ғана емес, сонымен қатар, осы арқылы басқа қызметкерлерді де жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандыру. Биыл біздің компания 100 жылдық мерейтойын атап өтті және бүгінгі жетістіктерімізге, ең алдымен, ұжымның тұрақтылығының, ұрпақтар сабақтастығының және ортақ мүддеге жұмылудың арқасында қол жетті», – деді «Ембімұнайгаз» АҚ Басдиректордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлбану Шарафетдинова.
Естеріңізге сала кетейік, «Жыл адамы» шарасы алғаш рет «Ембімұнайгаз» АҚ-да 2020 жылы ұйымдастырылған болатын. Онда COVID-19 пандемиясы кезінде үздік еңбек үлгісін көрсеткен өндіріс қызметкерлері болды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
«Жыл тануы» номинациясы – Балмаш Жақсыбаева, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ -ның басқарма бастығының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары;
«Жылдың үздік топ-менеджері» номинациясы – Қуандық Калидуллин, әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры;
«Жылдың үздік менеджері» номинациясы – Әзидолла Ахметов, «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру бөлімінің бастығы;
«Жылдың үздік менеджері» номинациясы – Толқын Дауова, «Ембімұнайгаз» АҚ активтер мониторингі секторының жетекшісі;
«Жыл басшысы» номинациясы – Қайнар Қоданов, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның бастығы;
«Жыл цех бастығы» номинациясы – Адай Сарғалиев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның басқарманың Доссордағы мұнайды дайындау және айдау цехының бастығы;
«Жыл цех бастығы» номинациясы – Қанат Нұрмашев, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның № 2 «Терең-Өзек» мұнай және газ өндіру цехының цех бастығы;
«Жыл цех бастығы» номинациясы – Талғат Кизатов, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның мұнайды дайындау және айдау цехының бастығы;
«Жыл цех бастығы» номинациясы – Бақтығали Қаймышев, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның Кенбай мұнай және газ өндіру цехының бастығы орынбасары;
«Жыл шебері» номинациясы – Әскер Кизбасаров, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның №4 Доссор мұнай және газ өндіру цехының №2 бригадасы Қошқар кен орнының мұнай газ және конденсат өндіру шебері;
«Жыл шебері» номинациясы – Ғалымжан Исамберлі, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның Кенбай мұнай және газ өндіру цехының (қабат қысымын ұстау жөніндегі) шебері;
«Жыл шебері» номинациясы – Бағдат Өтежанов, «Ембімұнайэнерго» басқармасы «Прорва» аудандық электр торабының шебері;
«Жыл шебері» номинациясы – Равиль Есмұханов, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының (жерасты, күрделі) ұңғымаларды жөндеу шебері;
«Жыл тәлімгері» номинациясы – Жұмабай Абдулов, «Доссормунайгаз» МГӨБ басқармасының энергетика бөлімінің бастығы;
«Жыл серіктесі» номинациясы – Әлия Дәулетбаева, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының қызметкері.