Салтанатты шарада «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Ринат Ізмұханбет сөз сөйлеп, 2025 жылы мұнай өндіру көлемін арттыру мақсатында іске асырылған инвестициялық жобалардың оң нәтижелері ұжымның бірлескен еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол алдағы кезеңде де ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды.
2025 жылғы қорытынды бойынша келесі номинациялар бойынша үздіктер анықталды:
«Жыл тануы» «Жылдың үздік топ-менеджері» «Жылдың үздік менеджері» «Жыл басшысы» «Жыл цех бастығы» «Жыл шебері» «Жыл тәлімгері» «Жыл серіктесі»Барлығы 8 номинация иегеріне арнайы статуэткалар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Әр аталым бойынша үздік деп танылған қызметкерлер мен серіктес компания өкілдерінің жетістігі – жыл бойғы нәтижелі, белсенді және жауапты еңбектің айқын көрінісі.
Сонымен қатар, шара аясында «Үздік жатақхана» байқауының қорытындысы жарияланды. Компанияға қарасты кен орындарындағы жатақханалар арасында үздік деп танылғандар:
I орын – «Қайнармұнайгаз» басқармасының Береген Жоламанов атындағы кен орнының жатақханасы II орын – «Жылыоймұнайгаз» басқармасының Қисымбай кен орнының жатақханасы III орын – «Жайықмұнайгаз» басқармасының Жаңаталап кен орнының жатақханасы«Жыл үздігі – 2025» шарасы еңбек адамын дәріптеуге, кәсіби жетістіктерді бағалауға және корпоративтік бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.