К 30-летию Независимости Казахстана | 28 мамыр 17:06

"Ембімұнайгаз" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

Бұл қызметке "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы сайланды. Ал бұрынғы төраға Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы Кеңес құрамында қала береді деп хабарлайды "Ембімұнайгаз" АҚ.  

Жақып Марабаев И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын "Тау-кен ісі" мамандығы бойынша бітірген (1984). Ал 2002 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы "Комсомольскнефть" МГӨБ техникалық бөлімінің бастығы болып бастаған.

"Сфинкс" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметінің жетекшісі, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде бас инженер, ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінде теңіз жұмыстары басқармасының бастығы, "Қазақстан Каспий Шельф" АҚ вице-президенті және бас директоры, "ҚазақОйл" ҰК" ЖАҚ- инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі директоры, коммерциялық директоры, "ҚазақОйл" ҰК" ЖАҚ газ жобалары бойынша вице-президенті, "Қазақстан Халық Банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі, "ҚазТрансОйл" АҚ және "ҚазақОйл" ҰК" ЖАҚ  пайдалану жөніндегі вице-президенті, "Мұнай және газ тасымалдау" Ұлттық компаниясы Бас директорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарушы директоры, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (КПО Б.В.) ӨБК бойынша жобаларда үлестерді басқару жөніндегі өкілді органның төрағасы, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарушы директоры, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, KAZENERGY Қауымдастығының Үйлестіру кеңесінің төрағасы, "North Caspian Operating Company" (NCOC B.V.) басқарушы директорының орынбасары болып істеген.

2019 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

"Парасат", "Құрмет" ордендерімен марапатталған.

Экономика ғылымдарының кандидаты.