Үздік қызметкерлер жыл ішінде жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша анықталды. Үздіктерді анықтау барысында қызметкердің жалпы еңбек өнімділігінің көрсеткіштері, өндірістік тапсырмалардың тұрақты орындалуына қосқан жеке үлесі, кәсіби шеберлік деңгейі, қауіпсіздік техникасы саласы талаптарының қатаң сақталуы жолындағы үлесі, ұжымдағы беделі және рационализаторлығы секілді бірнеше мәселелер негізге алынып, сараланды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша дипломдар мен статуэткалар 10 номинация бойынша жеңімпаздарға тапсырылды.