К 30-летию Независимости Казахстана | 26 шілде 12:32

Ембімұнайгаз Ashyq жобасына қосылды

COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында компанияның бас кеңсесіне және өндірістік бөлімшелердің кеңселерінің қызметкерлерінің және бас кеңсеге келушілердің статусы Ashyq мобильдік қосымшасы арқылы анықталады.

Ең басты мақсат – қызметкерлерімізді вирустан қорғау. Статусты анықтау ақпараттық жүйелер ПТР тестілеудің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы арқылы үйлестіріледі.

Жасыл статус – жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан немесе індетке қарсы вакцинаның толық компонентін алған;

Көк статус – ПТР-тестілеудің нәтижесі жоқ, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ;

Сары статус – деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған адам;

Қызыл статус – жүріп-тұрудың шектелгенін, Covid-19-ке оң нәтиже шыққанын, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.