600 адамға арналған ауызашар дастарханы мешіт ауласында құрылған киіз үйлерде берілді.
Ауызашар барысында мешіт ұстаздары қоғамдық тұрақтылық, ынтымақ, бірлік тақырыптарында уағыз айтып, жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Ауызашар рәсімін «Ембімұнайгаз» компаниясының орталық аппарат қызметкерлерінің ерікті түрде жалақысын аудару есебінен ұйымдастырып отырғанын атап өткеніміз жөн.
Дереккөз: Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің ресми сайты