Мерекелік қабылдау кезінде Сәбит Әбілдаұлы журналистердің еңбегін жоғары бағалап, отандық мұнай өндіруші компанияның күнделікті тіршілігін жұртшылыққа жеткізу мақсатындағы бірлескен жұмысқа алғыс айтты.
«Сіздердің еңбектеріңізді «жұртшылық пен халық арасындағы алтын көпір» деген теңеуге лайық деп бағалаймыз. Сіздер арқылы елдегі, әлемдегі өзекті оқиғалармен дер кезінде хабардар боламыз. Бұл орайда журналистік мамандық қоғамдық пікірді қалыптастыруда жауапкершілігі мол сала дейміз.
Ғасырлық мол тәжірибесі бар Ембі өндірісінің кешегісі мен бүгінгісі, мұнайшы әулеттерінің еңбек жолдары мен ардагер мұнайшылардың өнегелі өмірлері, компанияның қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігі, барлығы да – сіздер арқылы жұртшылыққа дереу жетіп жатыр. Сол үшін де сіздерге отандық мұнай өндіруші компаниямен бірлескен табысты жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын», - деді «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры С.Арынов.
Журналистер қауымы сөз кезегінде кәсіби мерекеге орай ыстық ықылас танытқан компания басшылығына алғыстарын білдірді.