«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов, Бас директордың орынбасарлары Марат Елеусінов, Қайрат Козов, Рысты Тасмағамбетова, Аппарат жетекшісі Арман Кенжехорұлы, департамент директоры Бекет Губайдуллин, бөлім басшысы Эдуард Хисметуллин бірқатар еңбек ардагерлерінің үйіне барып, арнайы сыйлық табыстады. Жеңісті жақындатқан тылдағы жанқиярлық еңбектері үшін алғыс білдірді.
Балалық шақтары сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген аға буын өкілдері-тыл еңбеккерлері «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығына қамқорлық пен ілтипат үшін алғыс айтып, кәсіпорынның табысқа жетуіне тілектестік білдірді.
«Аға ұрпақ әрқашан адал еңбектің, төзімділік пен табандылықтың үлгісі болып қала бермек. Жеңіс күнін жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан Ембі жұмысшыларының ерлігін ерекше атап өтуге болады. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін» – деді Сәбит Арынов кездесу барысында.
Бүгінде «Ембімұнайгаз» АҚ-да 49 ардагер-тыл еңбеккерлері бар және олардың барлығы да компания тарапынан қамқорлыққа алынған.