К 30-летию Независимости Казахстана | 15 ақпан 12:25

Ембімұнайгаз жатақханаларында кітап бұрышы жұмыс істейді

14 наурызда халықаралық кітап сыйлау күні атап өтілді.  

«Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты барлық кен алаңдарындағы жатақханаларда шағын кітап бұрышы ұйымдастырылып, мұнайшылардың бос уақыттарында кітап оқуларына тиімді мүмкіндік жасалған.

Айта кетейік, бүгінде компанияға қарасты 30-дан астам мұнайшылар жатақханасында аталған бұрыш жұмыс жасап, оқырмандар саны көбеюде.

Кітап бұрыштары ембілік мұнайшылардың өз күштерімен толықтырылады.

Суретте: ЕМГ Орталық басқару аппараты қызметкерлері жинақтаған кітаптар «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Балғымбаев кен алаңындағы жатақханаға табысталып жатыр.