«Ембімұнайгаз» АҚ-ға қарасты С.Балғымбаев атындағы кен орнындағы жұмысшыларға арналған 100 орындық жатақхана мен демалыс орталығы күрделі жөндеуден өтті.
Ауқымды жұмыстар барысында шатыр заманауи буоқшаулағыш құрылғылармен толығымен ауыстырылып, инженерлік жүйелер (жылу, су құбыры, электрмен жабдықтау, кәріз, желдету) жаңартылды және басқа да кешенді әрлеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында қазандыққа да жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар спортпен шұғылдану залдары жаңартылды. Жалпы, қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау — «Ембімұнайгаз» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыты әрі басым міндеттерінің бірі болып қала береді.