К 30-летию Независимости Казахстана | 14 маусым 16:37

Ембімұнайгаз қызметкерлері Атырау әкімінің Алғыс хатын иеленді

Аграрлық секторды дамыту – қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі.

Атырау қаласының аумағындағы салалық шаруашылықтардың басым бөлігі ұсақ болғандықтан, қала әкімі Мейірім Қалауидың бастамасымен шаруашылықтардың көпшілігі шоғырланған Сарыөзек учаскесі маңындағы шағын қожалықтар үшін инфрақұрылым тарту жұмыстарын демеушілер арқылы жүргізу жұмыстары қолға алынды.

Бұл жұмыстарды жүргізуге қолдау білдіргендердің қатарында «Ембімұнайгаз» АҚ да бар. Электр желісін тарту және арнайы техникалармен қамту жұмыстарына Компанияға қарасты «Ембімұнайэнерго», «Өндірістік техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармаларының ұжымдары қолдау көрсетті.

Осыған орай, бүгін қалалық әкімдікте игі бастамаға қолдау білдіргендерге Атырау қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды.