Заманауи тақырыпты талқылауға шетелдік және жергілікті компаниялардың өкілдері, соның қатарында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов бастаған салалық қызметкерлер тобы да қатысты.
Энергетика секторында маңызға ие компаниялардың өкілдері тақырып аясындағы соңғы зерттеулерімен таныстырып, бірқатар жобалар ұсынды.
Бұл алаңның пікірталас, талқылау, танысу үшін үлкен мүмкіндіктер сыйлағанын атаған «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов конференция ұйымдастырушыларына берген қысқаша сұхбатында өндіріс үшін маңызды жобалар таныстырылғанын, «Ембімұнайгаздың» цифрлық жобаларды қолдауға әркез дайын екенін атап өтті.
Айта кетейік, аталған конференцияны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы».