Байқау шартында 3 номинация айқындалды. Бірақ, конкурс соңында «Құнды құжат – көненің көзі» аталымына тапсырушылар болған жоқ, сондықтан, «Бір фотоның тарихы» және «Ұмытылған есімдер» номинациялары бойынша келіп түскен құжаттар қарастырылды. Барлығы 10 үміткерден түскен жұмыстардың 4-і конкурс талаптарына сай келмеді. Қалған 6 жұмыс ішінен арнайы құрылған әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды.
«Мен – ембілікпін» конкурсының қорытынды нәтижелері:
«Бір фотоның тарихы» номинациясы бойынша жеңімпаз – Өсила Досмағұлова, ембілік ардагер; («Құлсарынефть», «Жайықмұнайгаз» басқармаларында еңбек еткен мұнайшы Айжарық Есейұлы туралы газетте жарық көрген фото мен естелік үшін). «Ұмытылған есімдер» номинациясы бойынша жеңімпаз – Жарас Хамит, «Жылыоймұнайгаз» МГӨ басқармасының материалды-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы; (Алғашқы мұнайшылар легінде еңбек еткен Хамит Кульчиков туралы танымдық мақала үшін).Ынталандыру сыйлықтарының иегерлері:
«Жылыоймұнайгаз» МГӨ басқармасына қарасты «Терең-Өзек» мұнай-газ өндіру цехының ұжымы (Цех тарихына қатысты көне суреттер жиынтығы үшін); Ақкерік Қарабалина, ардагер (Прорва кен орнында еңбек еткен Тельман Мусин туралы мақала үшін); Айшат Ерғалиева, «Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармасының еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді басқару бөлімінің кадрлар жөніндегі жетекші маманы («Уаз» кен алаңының қалыптасу кезеңінен сыр шертетін тарихи суреттер үшін) Қанат Нұрмашев, «Терең-Өзек» мұнай-газ өндіру цехының бастығы («Құлсарынефть» басқармасына қатысты тарихи суреттер топтамасы үшін).Әділқазылар алқасының шешімімен анықталған жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар белгіленді.
Жеңімпаздардың байқауға жолдаған жұмыстары «Ембі тынысы» корпоративтік басылымында және Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында алдағы уақытта жарияланады.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы