Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас техникалық басшы Қайрат Сақтағанов осыдан бір апта бұрын өндірістік құрылымдық бөлімшелердің, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласына жауапты мамандардың және мердігер ұйымдар басшыларының қатысуымен Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау Комитетінің кеңейтілген отырысында қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қатысты биылғы жарты жылдың қорытындылары жарияланғанын атап өтті.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатындағы жүйелі профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде ЕМГ және оның мердігер мекемелерінде өндіріске қатысты жазатайым оқиға орын алған жоқ. Сондай-ақ, Компанияда өрт және жол-көлік оқиғалары тіркелмеді, алайда, жұмысшының кінәсінен 1 өндірістік жарақаттану оқиғасы орын алды.
Корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арыновтың Компанияның және мердігер мекемелердің қызметкерлеріне арналған Үндеуі жарияланды.
Өкінішке орай, бұл бағыттағы іс-шараларға қарамастан, мердігер мекемелердің қызметкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтамауда. Мысалы, биылғы 6 ай ішінде 4 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал, өрт, транспорттық қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына қатысты тіркелген жаңа деректер мердігер және субмердігер компаниялардың жауапты тұлғалары тарапынан «Өмірді сақтайтын қағидалардың» орындалысын бақылаудың төмендігін, жұмысшылардың да сақтамайтынын, соның салдарынан өз өмірлері мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін көрсетеді.
Кездесу барысында барлық орын алған оқиғалар егжей-тегжейлі талданды. Осы оқиғаларға қатысты Компания тарапынан жауапты лауазым иелерімен қоса, мердігер, субмердігер мекемелердің де түсіндірмелері тыңдалды.
Алдағы уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау ережелерін бұзғандарға қатысты қатаң шаралар қабылданады, қажет деп танылса, келісімшартты бұзу мәселесі де күн тәртбіне шығарылады. «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов мердігер мекемелердің башыларына қатысты сөзінде осы мәселеге назар аударды. Қауіпсіздік техникасының бұзылуына жол бермеу басты ұстаным болуы тиіс.