Қанатбек Махмудұлына депутаттық мандат куәлігін Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов табыстады.
2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарға сәйкес аймақтың экологиялық ахуалы бойынша атқарылар жұмыстар талқыланған жиын барысында Қанатбек Қасымғалиев өзіне артылған сенімге алғыс білдіріп, болашақта мұнайлы өңірдің одан әрі дамуына, өзекті мәселелердің шешілуіне үлесін қосуға тырысатынын жеткізді.