К 30-летию Независимости Казахстана | 23 маусым 08:15

Ембімұнайгаз үздік маманын анықтап жатыр

«Ембімұнайгаз» АҚ қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелердегі жұмысшы мамандықтар арасында «Үздік маман-2023» кәсіби шеберлік байқауының ІІ кезеңі басталды.

Сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Марат Елеусінов: «Байқаудың мақсаты – жұмысшылардың арасында озық тәжірибелі мамандарды анықтау, олардың кәсіби деңгейі мен теориялық даярлығын дамыту, өндіріс тиімділігін, мұнай-газ саласындағы жұмысшы мамандарының беделін арттыру. Шараға қатысушылардың барлығы да үздік мамандар. Себебі, осыған дейін дәл осындай конкурс әр басқармада ұйымдастырылды. Сіздер сол іріктеу кезеңінен жеңіске жетіп, үздік атандыңыздар» дей келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Байқау биыл 15 аталым бойынша ұйымдастырылып, 80-ге жуық жұмысшы өз білімдері мен біліктіліктерін теория мен тәжірибелік негізде сынайды.

Аталған байқаудың жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы еншілес мекемелері арасында өтетін «Үздік маман» байқауына қатысып, ембілік мұнайшылардың намысын қорғайды.