К 30-летию Независимости Казахстана | 23 мамыр 10:03

«Ембімұнайгаз» үздік спортшыларды анықтады

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығына орай «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының құрама мүшелерін іріктеу үшін спорт түрлерінен цехаралық жарыстар өткізілді.

Кенбай кен алаңындағы №1 жатақханада тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат түрлерінен турнир өтті. Өте тартысты өткен жарыста шахматтан, тоғызқұмалақтан ерлер арасында жаңа жеңімпаздар анықталды.

Қайнар вахталық қалашығында футболдан өткен жарыста 1 орынды «Кенбай» МГӨЦ, 2 орынды «Уаз» мұнай және газ өндіру цехы, 3 орынды мұнай дайындау және айдау цехы ұжымы алды.

Волейболдан өткен жарыста 1 орынға «Кенбай» мұнай және газ өндіру цехы, 2 орынға «Уаз» мұнай және газ өндіру цехы, 3 орынға Жамансор командалары ие болды.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталып, алдағы уақытта мұнайшылар арасында өтетін спартакиадада басқарманың атынан қатысатын құраманың мүшелері анықталды.