«Ембімұнайгаз» АҚ Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен компанияға қарасты барлық басқармалар арасында ардагерлер көркем өнерпаздарының байқауы өтті.
«Өнерім саған - туған ел» атты байқау ұлттық мейрам-Республика күніне арналғандықтан байқауда орындалған ән мен жырда, күй мен биде рухты елге деген тағзым, туған жерге деген сүйіспеншілік, ана тілге құрмет көрініс тапты.Байқаудың талабы да осы болды.
100-ге тарта өнерпаз қатысқан байқаудың жеңімпаздары анықталып, олар ақшалай сый-ақылармен марапатталды.
Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен жақсы өнер көрсеткен басқарма ардагерлері төмендегідей анықталды: «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, «ӨТҚмЖК» басқармасы, «Ембімұнайэнерго» ұжымдары өнепраздарының өнері жоғары бағаланды.
Айта кету керек, «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша 2 мыңға тарта ардагер мұнайшылар компания тарапынан жан-жақты қамқорлыққа алынған.