Мақсым Шафихұлы – В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын "Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру" мамандығы бойынша (1976 ж.), Алматы саясаттану және басқару институтын (1991 ж.) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1976 жылы "Құлсарымұнай" МГӨБ Құлсары кен алаңында мұнай мен газ өндіру операторы болып бастаған. Кейін Құлсары кен алаңында өндірістік-технологиялық бөлімнің аға инженері, жерасты жөндеу цехының басшысы, өндіру цехының басшысы қызметтерін атқарған. Әрі қарай да мұнай саласында еңбек етуі жалғасып, 2012-2017 жылдар аралығында Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болған.
"Құрмет" орденін және басқа да мемлекеттік, салалық марапат түрлерін алған, Атырау облысы Жылыой және Қызылқоға аудандарының Құрметті азаматы. "Жыл мұнайшысы (Жыл адамы)" атағының иегері.