К 30-летию Независимости Казахстана | 22 мамыр 16:36

Ембімұнайгаздың ішкі спартакиадасы басталды

Бүгін «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері арасында Спартакиада басталып, ембілік мұнайшылардың қатысуымен өтетін дәстүрлі сайыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлбану Шарафетдинова командаларға сәттілік тіледі. Дәстүрлі доданы ұйымдастырудағы негізгі мақсат командалық тұтастықты, ұжымішілік бірлікті, татулықты нығайту екенін атай келе: «Спорт үлкен жеңістерге жету жолында күресуге тәрбиелейді» деген лебізін білдірді.

 

Бұдан соң, Компанияға қарасты басқармалар: «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен «Ембімұнайэнерго», «Өндірістік техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармалары және Орталық басқару аппараты құрама командаларының шеруі өтті.

Өндіріс пен спортты қатар меңгерген, әр сала бойынша өз командаларының намысын қорғауға келген ембілік спортшылар арасындағы тартысты додалар 22-25 мамыр аралығында өтеді. Қатысушылар спорттың 12 түрі бойынша бақ сынайды.

 

Спартакиаданың алғашқы күнінде аяқ доп шеберлері арасында футзалдан және әйелдер арасында волейболдан сайыс басталып кетті.

Дереккөз: "Ембімұнайгаз" АҚ Facebook парақшасы