Жастар ең алдымен Махамет ауданы Сарайшық ауылындағы «Сарайшық» музей-қорығында болып, мұндағы жәдігерлермен танысты.
«100 жылдық мерейтойға орай жоспарланған іс-шараларға сәйкес, компанияның жас мамандарына да арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Бұған дейін жас мамандар алғаш мұнай бұрқағы атқылыған – Қарашүңгілде, атақты №3 ұңғыма орналасқан жерлерде болған еді. Осы жолы да тарихымызды жастарға таныстыру мақсатында Сарайшық қалашығына жол тарттық», – деді ЕМГ әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық Калидуллин.
Музей-қорығында жастарға хандар кесенесі, мешіт, этноауыл таныстырылды. Ал көне қалашық орнында жас мамандар жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.