К 30-летию Независимости Казахстана | 30 маусым 08:40

ЕМГ «BuildServiseCom» ЖШС жұмысшыларының үндеуіне жауап берді

Сервистік компания қызметкерлері бұған дейін әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдаған болатын.

«Ембімұнайгаз» АҚ жауабының толық мәтінін ұсынамыз:

«BuildServiseCom» ЖШС жұмысшыларының әлеуметтік желі арқылы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның басшылығына жолдаған Үндеуіне қатысты:

​«BuildServiseCom» ЖШС (Ақтау қаласы) мен «Ембімұнайгаз» АҚ арасында «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы үшін жұмысшыларды жеңіл автокөлікпен тасымалдау көліктік қызметін көрсету келісім-шартына 19.04.2021 ж. қол қойылған. Сол кезеңнен бастап күні бүгінге дейін «Ембімұнайгаз» АҚ тарапынан көрсетілген қызметке сай қаражат аудару бекітілген келісім-шарт талаптарына және ҚР заңнамаларына сәйкес уақытылы жүзеге асып келеді.

Қосымша айтарымыз, «BuildServiseCom» ЖШС тарапынан ҚР заңнамаларында көрсетілген еңбек міндеттемелерінің талаптары сақталмаған жағдайда, аталмыш мекеменің жұмысшылары тиісті құзырлы органдарға хабарласа алатынын қаперге береміз. ​