Кейіпкеріміз Қаражанбаста 27 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келеді. Жылдар бойы жинаған білімі мен тәжірибесі арқасында ол өз ісінің хас шеберіне айналды. Есет Озғанбаев ұңғымалардың үздіксіз жұмысын қадағалап, істен шыққан бөлшектерді ауыстыру, өндірілген сұйықтық көлемі туралы мәліметтерді тіркеу сияқты маңызды жұмыстарға жауапты.
«Біз Қаражанбаста еңбек ете жүріп, кен орнымен бірге дамып келеміз. Жылдар өткен сайын өндірісте оң өзгерістер байқалып, жұмысымыз алға басуда. Бір шаңырақ астына ісіне адал жұмысшыларды жинаған компаниямыздың болашағы жарқын екеніне кәміл сенемін»,- дейді ол.
Есет еңбек ұжымына да сыйлы маман. Әріптестері оның кәсібилігінен бөлек, адами қасиеттерін ерекше құрметтейтінін айтады. Қаражанбас ісі мен сөзі жұптасқан осындай өндіріс озаттарымен қуатты.
"Қаражанбасмұнай" АҚ баспасөз қызметі