Осы орайда, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының м.а. Қанатбек Қасымғалиев Күрделі құрылыс департаментінің бөлім басшысы Мұрат Құрмашевты асқаралы 60 жасқа толуына байланысты құттықтады.
Шараға басқару аппаратының қызметкерлері қатысты.
Мерейжас иесін құттықтаған әріптестері Жобаларды сүйемелдеу және сараптау бөлімінің бастығы Мұрат Өтесінұлының Ембі кен алаңындағы өндірістік және әлеуметтік нысандардың құрылысының талапқа сай жүру барысындағы үлесіне ерекше тоқталып, ұзақ жылғы еңбегіне алғыстарын білдірді.
Жиын барысында жылы лебізге арналған «ҚазМұнайГаз»АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің атынан және «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы атынан дайындалған Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табысталды.
Асқаралы 60 жастың биігіне көтерілген Мұрат Құрмашев әріптестері тарапынан көрсетілген ыстық ықыласқа, құрметке өзінің ризашылығын білдірді.