«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Асхат Сариев теміржолда жарақат алуға жол бермеу – компанияның барлық деңгейдегі басшыларының алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттердің бірі екенін атап өтті.
«Темір жолда қауіпсіздік техникасын сақтау өте маңызды. Кез келген ықтималды оқиға бірнеше ұсақ себептерге байланысты орын алады. Сондықтан, тіпті кішкене нәрселерде де белгіленген ережелерден бас тартуға болмайды. Еңбек жағдайларына қойылатын қауіпсіздік талаптарын елемеу жұмыс берушілер үшін де, қызметкерлер үшін де қауіпті», – деді Асхат Сариев.
Осындай іс-шаралар Алматы мен Қызылордада да өткізілді. Кездесулер барысында жазатайым оқиғалардың себептері талданады, оларға жол бермеу шаралары, сондай-ақ технологиялық процесті орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі жағдайлары талқыланады.
Алматы бөлімшесінің Өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің бастығы Алтынай Сейілханова өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі адами фактор болып табылатынын алға тартты. Теміржолшылар ауысымға жинақы, мұқият дайындалған, қауіпсіз жұмысқа бейімделіп келуі тиістігі атап көрсетілді. Шашырау және шаршау жарақатқа әкелуі мүмкін.