К 30-летию Независимости Казахстана | 18 ақпан 08:30

Еңбек мәселелері жүйелі түрде шешіледі

«Қаражанбасмұнай» АҚ басқармасы «Каспий Проф Снаб» ЖШС аутстаффинг жұмысшыларының бастамашыл тобымен кездесті.

Кездесу барысында ағымдағы жұмыс жағдайы, сондай-ақ өндірістік мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ұжым атынан пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев жұмысшылардың барлық мәселесі ерекше назарда екенін және компанияның қолданыстағы заң мен ішкі нормативтері аясында жүйелі түрде шешілетінін атап өтті.

Нәтижесінде тараптар өзара тығыз байланысты одан әрі нығайту және ай сайын тұрақты кездесу өткізіп, еңбек мәселелерін талқылау туралы ортақ шешімге келді.