Жұмыс барысындағы жиынға «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС және «Өріктау Оперейтинг» ЖШС басшылары мен басқару аппаратының, сондай-ақ өндіріс қызметкерлері қатысты.
Басқосуда өндірістің өзекті мәселелері, 2022 жылдың төрт айының қорытындысы қаралды және алдағы болатын республикалық референдум туралы сөз болды.
Бұған дейін Құрманғазы Есқазиев осындай кездесуді 31 мамырда ҚМГ бас кеңсесінде өткізді. Жиналысқа барлау кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жиындарға барлығы мыңға жуық адам қатысты.