Кездесуді ашқан ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов соңғы 10 ай ішінде ҚБМ-дағы өндірістік жарақаттану бойынша статистиканы атап өтті. Осыған орай, алдын алу шараларын күшейтудің маңыздылығы мен жазатайым оқиғалардың нөлдік деңгейіне жету үшін бірқатар міндеттерді белгіледі.
Бұдан соң, ҚжЕҚ,ҚОҚжДҚД директоры Наурызбек Дүйсекенов жағдайды талдай отырып, сөз сөйледі. Ол жазатайым оқиғалардың себептері және компаниядағы еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы айтты. Солардың бірі өндірісте жарақат алу қаупін азайтуға және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысу үшін қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған «Қорғау» бағдарламасы енгізілді.
Сондай-ақ, ҚБМ компаниялар тобының сәтті интеграциялануынан және қызметкерлер штатын кеңейтуден кейін халықаралық стандарттар, технологиялар және жаңа әзірлемелер енгізілуде. БжҰЖКЖБ үшін жұмыс алаңдарының конструкциясы өзгертілді, бейнебақылау камералары орнатылды, шеберлер оқыту курстарынан өтті, бригадалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғасуда, озық тәжірибені жүйелей отырып, жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған оқиғаларды ішкі корпоративтік талдаудың жаңа түрлері енгізілді.
Өз кезегінде ҚБМ Басқармасы аталмыш жұмыс алдағы уақытта да қарқынды жалғасатынын атап өтті. Қауіпсіздік техникасын сақтау әркімнің маңызды міндеті, өйткені жұмысшылардың денсаулығы мен өмірі ең басты құндылық, деп қорытындылады басшылық.
Ашық диалог барысында қызметкерлер басшылыққа ЖҚҚ, құралдар және т.б. қатысты тікелей сұрақтар қойды. Кездесу соңында басшылық еңбек ұжымын компанияның басты мақсаты – жарақаттануды азайту және жазатайым оқиғалардың нөлдік деңгейіне жету үшін күш біріктіруге шақырды.