Бекболат Көкеев өндірісте 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын мұнай өндіру цехында слесарь болып бастаған ол, бірнеше жылдан кейін қызметін ПЖИЖЦ-да жалғастырды. 5-дәрежелі слесарь-жөндеуші сораптар мен ұңғыма бөлшектерін қалыпқа келтірумен айналысады. Оған қоса бұрандалы жапқыштарды орнатуға жауапты. Сондай-ақ ұңғымаларға монтаж, демонтаж жасау әккі слесарьға әсте қиын емес.
«Қызметімнің күрделілігіне қарамастан, мен компанияның дамуына өз үлесімді қосып келе жатқаныма қуаныштымын. 30 жыл бұрын алғаш вахтаға келген кезде қажетті жабдықтар мен арнайы техника болған жоқ. Сондықтан қазіргі жағдайды бағалау қажет. Бәсекеге қабілетті болып, даму үшін бірлікте қызмет ету керек», – дейді өндіріс озаты.
Бекболат Көкеевтің вахтадағы жылдары жинаған тәжірибе арқасында жетістіктердің көп болғанын айтады. Ізбасар жас мамандар да аға буынның баға жетпес еңбегіне құрметпен қарайды.