К 30-летию Независимости Казахстана | 03 қыркүйек 13:13

Еңбекпен өрілген өмір

Роза Досмұхамбетова бала кезінен еңбек етіп, қажырлы әрі табанды болып өскен ұрпақтың көрнекті өкілі. Қазіргі дамыған өндіріс, қанатын кеңге жайған кеніштер – осы апаларымыздың ащы маңдай терімен жасалды.

Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласында 1963 жылы дүниеге келген Роза Досмұхамбетова еңбек жолын «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында операторлықтан бастады. 1981 орта мектепті бітірген Розаны әкесі мен анасы өздері еңбек етіп жүрген мекемеге жұмысқа орналастырады. Оразхан мен Жібек апасы, Үзім сіңлісіде Оразхан апасы геолог мамандығын меңгеріп, жер қойнауын зерттеуге атсалысты. Жібек апасы МДАЦ-те оператор болып, жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, зейнетке шықты. Үзім сіңілісі ҒЗӨЖЦ-та оператор қызметін атқарып келеді. Әулеттің әрбір мүшесі мұнай саласында өз үлестерін қосып, еңбектің жемісін көруде. Бауырлары Өндірісте шыңдалып, абыройлы еңбегімен талай белестерді бағындырған кейіпкеріміз бүгінгі таңда Алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталды.

Ол уақытта оқуға түсу қиын болғандықтан, ол бір салада тұрақтап, еңбек жолын осы мекемеде бастады. Бастапқы кезеңде көптеген қиыншылықтарға тап болды. Бірақ, оның қажырлы еңбегі мен табандылығы бұл қиындықтарды жеңіп шығуға көмектесті.

Роза Досмұхамбетова жылдар бойы мұнай саласында адал еңбек етіп, өзінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін көрсетті. Оның қажырлы еңбегі мен табандылығы, қажырлы еңбектің нағыз үлгісі бола білді. Әрбір жұмыс күнін адал атқарған Роза, өз міндетін тек орындап қана қоймай, ұжымына, қоғамға үлгі боларлықтай қызмет етті.

Бүгінгі таңда Роза Досмұхамбетова зейнетке шыққан.