Аталмыш іс-шара аясында 200-ге жуық жұмысшы қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қосқан үлесі үшін марапатталды. Олар өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жауапкершілікті сезінуімен әріптестіне үлгі. Оған қоса осы бағыт бойынша басшылықпен бірлесе жұмыс істеудің қажеттілігін түсінеді. ҚТ ережелерін қатаң ұстанатындардың бірі – Қанболат Естеков. Ол 10 жылдан астам уақыттан бері №1 мұнай өндіру цехында оператор болып жұмыс істейді және барлық ережені сақтауға тырысады. Басшылық нәтижелі жұмысты ынталандыру мақсатында Қанболатқа марапат табыс етті.
«Ережелерді сақтау ең алдымен өзіміз үшін қажет. Себебі өмір мен денсаулық қауіпсіздігі осыған тікелей байланысты, ал өндірістік процестер қателіктерді кешірмейді. Басшылықтың біздің тырысқанымызды байқап, ынталандырғаны қуантады», – деді Қанболат Естеков.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі ҚБМ өндірістік қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сай болуға ұмтылады. Оған қоса еңбекті қорғау, өндіріс пен өрт қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін тұрақты жетілдіру – басты мақсаттардың бірі.