К 30-летию Независимости Казахстана | 19 шілде 14:11

Энергетика министрлігіне жаңа міндеттер жүктеледі

Энергетика министрлігіне бірнеше жаңа құзырет берілуі мүмкін, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысы жобасына сай, енді ведомствоға мына функцияллар берілмек:

- тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

- сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

- өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

- сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемдерде ие болады тізбесін бекітеді;

Қаулы 1 тамызға дейін көпшілік талқысында болады.