К 30-летию Независимости Казахстана | 18 қазан 09:35

Энергетика саласындағы жөндеу жұмыстарының сапасын уәкілетті орган бақылайды

Энергетика саласындағы жөндеу жұмыстарының сапасын уәкілетті орган бақылайды. Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

«Генерациялайтын қуаттың тозуын 15%-ға төмендету мақсатында 2035 жылға қарай «Инвестицияларға айырбастау тарифі» жаңа тарифтік саясатына көшу шеңберінде тариф белгілеу тәсілдерін трансформациялау керек, бұл жыл сайынғы инвестиция көлемін 3 есе арттыруды талап етеді», – деді министр.

Министрлік осы бағдарлама аясында энергия өндіруші ұйымдардың меншік иелерінің рөлін күшейтпекші.

«Мәселен, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде өз қаражатын салу бойынша шаралар белгіленеді. Бұдан басқа, жобаларды іріктеу кезінде нысаналы көрсеткіштер мен іс-шараларды, оның ішінде негізгі жабдықтың тозуын, отынның үлестік шығынын азайту, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі іс-шараларды белгілеу жоспарланған. Сондай-ақ субъектілердің жария тыңдаулар және ашық сатып алулар өткізуі арқылы энергия өндіруші ұйымдардың қаражатын пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етілетін болады. Бұл ретте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде уәкілетті орган тарапынан сапаға бақылау белгіленбек. Осы шараларды іске асыру мүмкіндігі үшін мемлекет тарапынан қарсы қолдау шаралары көзделеді», – деді Болат Ақшолақов.