К 30-летию Независимости Казахстана | 18 мамыр 13:24

Энергетиктер екпе алуды қолдайды

«KEGOC» АҚ қызметкерлерінің 40%-дан астамы Covid-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметкерлер екпенің бірінші компонентін 23 сәуірде алса, екінші компоненттің кезегі 14 мамырға тура келді. Энергетиктерге «Гам-КОВИД-Вак» Sputnik V вакцинасы салынды. Екпе алғандардың қатарында Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев және басқа да топ-менеджерлер бар.

 

Компанияда екпе алу ісі бұдан әрі де жалғасып табады. Ол үшін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін вакцинациялау кестесі жасалған. Сонымен қатар қызметкерлерге қауіпсіздік шараларын және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі ұдайы түсіндіріледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «KEGOC» АҚ (@kegocofficial)