Кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасын түсіндіруге Зекей Жасанұлы, Алмагүл Сегізбай, Сәуле Самидин, Игорь Несен келген жиынға компанияның Атқарушы дирекциясы, «ЖО ҰДО», «Ақмола ЖЭТ» филиалдары және «Энергоинформ» АҚ өкілдері қатысты.
Жиынды кіріспе сөзбен бастаған Зекей Жасанұлы: «Қазіргі кезде Мемлекет президентінің «Бір Отан, бір мемлекет, бір халық» деген қағидамен жұмыс істеп жатқанына өздеріңіз куәсіздер. Ортақ іске жұдырықтай жұмылып, мемлекетімізді гүлдендіруге барлығымыз атсалысуымыз керек. Сондықтан, еліміздегі басты саяси науқанға қатысып, дауыс беруге шақырамыз. Ең бастысы, әрқайсымыз өз дауысымызды мемлекетіміздің өркендеуі үшін беруіміз керек», – деді.
Сондай-ақ, Алмагүл Тілектесқызы халық арасында белсенді азаматтық ұстанымның артып келе жатқандығына тоқталды.
Мұндай сайлауалды кездесулер компанияның өңірлердегі филиалдарында да жалғасатын болады.