«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде «KEGOC» АҚ-ның өңірлердегі филиалдарына сапары жалғасуда. Кезекті кездесу «Ақмола ЖЭТ» филиалына қарасты «Көкшетау АЭТ» қызметкерлерімен өтті.
Жиын қатысушыларына Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке үміткер ретіндегі «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы жайында жан-жақты баяндады.
Сонымен қатар, компания басшысы Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі ауқымды қосалқы станциялардың бірі – 1150 кВ «Көкшетау» қосалқы станциясында болды.