Энергетиктер күні қарсаңында «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалында «Ұжымдық рухты бірге көтерейік» деген ұранмен ұжымның рух-жігерін нығайтуға арналған спорттық ойындар өтті.
Жарыстарға тек филиалдың қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар олардың отбасы мүшелері де қатысуға мүмкіндік алды.
Эстафеталық жүгіру (4 адам 200 метрден), ерлер және әйелдер арасында 400 метр қашықтыққа жүгіру, балалар арасында 200 метр қашықтыққа жүгіру, күштік үш сайыс (кір көтеру, кеудені жерден көтеру, белтемірге тартылу) және арқан тарту сайыстары бойынша өткен жарыста жеңімпаздар анықталып, естелік сыйлықтарға ие болды.