К 30-летию Независимости Казахстана | 24 маусым 09:00

Энергетиктердің балалары арасындағы байқау. Видео

Шығармашылық байқауға 30-дан астам бала қатысты.

«KEGOC» АҚ құрылғанына 25 жыл толу қарсаңында, «Орталық ЖЭТ» филиалы «Ата-аналардың мамандығы балалардың көзімен» тақырыбында балалар салған суреттердің арасында конкурс өткізді. Суреттер үш аталым бойынша бағаланды: «Ең әсерлі сурет», «Ең креативті сурет», «Үздік корпоративтік сурет».

Байқауға 30-дан астам бала қатысты. Сыйлықтарды табыстау салтанатты түрде өтті, жиын барысында түрлі байқаулар, көңілді әндер мен билер және жас суретшілерге арналған дастархан ұйымдастырылды.